Алматыда сөмкеден әйел мәйіті табылды. Қылмыскер іздестірілуде

894
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Алматының Түрксіб ауданында бүктелген күйде сөмкеден табылған әйелдің мәйітіне қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл оқиға қоғамда үлкен дүрбелең туғызған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәйітті белбеумен буып, скотчпен орап, сөмкеге салып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, сөмке ауданның ең криминогенді учаскелерінің біріне апта бойы тұрған. Мәйітті тазалық қызметкері кездейсоқ тауып алған.

Полицияның мәліметінше, бұл жағдай ҚР Қылмыстық кодексінің "Кісі өлтіру" бабымен тергелуде.

"Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта объективті мән-жайды анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды," – деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқиға болған жердің тұрғындары марқұмның Гауһар есімді әйел екенін, соңғы уақытта оның бір ер адаммен жиі жанжалдасып жүргенін айтқан.

"Сөмке аулада апта бойы тұрды. Ішінде адамның денесі бар екенін кім білген?" – дейді тұрғындар.

Мәйіттің табылғаны туралы ақпарат 5 желтоқсан күні таралған болатын.

Бұл жағдай тұрғындар арасында қорқыныш пен алаңдаушылық тудырды. Қаланың қауіпсіздігіне байланысты сұрақтар қайта көтерілді.

Полиция күдіктіні анықтау және ұстау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын мәлімдеді. Тергеу жалғасуда.

Пікірлер