Қазақстан АҚШ-қа консулдық құрылысы үшін жер телімін 49 жылға жалға бермек

1305
Adyrna.kz Telegram
Фото: yandex.kz
Фото: yandex.kz

Бүгін мәжіліс депутаттары АҚШ-тың Алматы қаласындағы консулдығының ғимаратын салу үшін 70 мың шаршы метрден астам жер учаскесін жалға беру туралы заң жобасын талқылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Депутат Айгүл Құспан "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Америка Құрама Штаттары Үкіметі арасындағы АҚШ-тың Алматы қаласындағы консулдық мекемесінің ғимаратын салуға арналған жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын ұсынды.

Депутаттың айтуынша, бұл келісімге 2024 жылдың 27 қыркүйегінде Нью-Йоркте қол қойылған.

"Келісімнің мақсаты – АҚШ үкіметіне Алматы қаласында консулдық мекеменің ғимаратын салу және пайдалану үшін 70 мың шаршы метрден астам жер учаскесін 49 жылға жалға беру. Келісім нормаларында жер учаскесін беру тәртібі мен шарттары анықталған. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға және оған қорытынды дайындауға дайын", – деді депутат.

2019 жылы АҚШ-тың сол кездегі елшісі Уильям Мозер Алматыда жаңа бас консулдық ғимаратын салу жоспары туралы хабарлаған болатын. Қазіргі уақытта бас консулдықтың екі кеңсесі бар, алайда олар қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Много лет диабета закончились за 2 дня! Теперь сахар в норме...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Пікірлер