Бұқар жырау ауданының селолық елді мекендерінің 70% “Ауыл - ел бесігі” жобасына енгізілді

134
Adyrna.kz Telegram

«Ауыл ел бесігі» жобасы ауылдық аумақтарды дамытуға арналған тиімді механизмдердің бірі болып табылады.

Бұқар жырау ауданында  68 елді мекеннің 46-сы осы жобаға қосылды. 24 елді мекенде жалпы құны 10 млрд теңгеге жуық 46 жоба жүзеге асырылды, бұл мемлекет тарапынан бұрын-соңды болмаған қолдау болып табылады.

Өткен жылы 4,5 млрд теңге сомасына 19 жоба іске асырылды, оның ішінде 8 елді мекенде 22,7 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мысалы, Ботақара ауылында 4,5 км, Сарыарқа ауылында 1,5 км, Қаражар ауылында 2,3 км жолдар жөнделді. Сонымен қатар, Ғабиден Мұстафин кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, Доскей ауылының су құбыры желілері жаңартылды, Үштөбе мен Доскей ауылдарында клубтар салынды.

Биылғы жылы 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 14 жоба жүзеге асырылмақ. Оныңішінде Көкпекті ауылында клуб құрылысын аяқталып, Трудовое ауылында су құбыры желілері қайта жаңартылмақ. Сондай-ақ, Қушоқы кентінде 100 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынатын болады. Сонымен қатар, 8 елді мекенде (Новоузенка, Жаңаталап, Ақбел, Ақтөбе, Петровка, Центральное, Көкпекті, Атамекен) кентішілік жолдарды орташа жөндеу жоспарлануда.

Пікірлер