Атырауда ауа райына байланысты ескертуді ескермеген жолаушы қаза тапты

236
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Атырауда полицейдің екертуін елемеген жүргізуші жол апатын жасаған. Жол-көлік оқиғасынан жүгізуші мен жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қайғылы оқиға 15 қаңтарда болған.

"Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері республикалық маңызы бар тас жолда қауіпсіздікті сақтау үшін күн сайын рейд жүргізуді қолға алды. Кеше, 15 қаңтар күні, сағат 14:00 шамасында жолдың тайғақ болуына байланысты жүргізушілерге ескерту жасалған. Алайда Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 53-шақырымында қоғамдық автокөлік пен Chevrolet Cobalt автокөлігі соқтығысы. Жол апатының салдарынан жеңіл көлікті жүргізген 48 жастағы жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

"Көлік жүргізушілеріне ауа райының құбылуына, жолдың тайғақ болуына байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеміз. Әсіресе, ара қашықтықты сақтап, жылдамдықты шамамдан тыс асырмаған жөн", - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Алматы облысында автобус жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылғаны хабарланған еді.

Пікірлер