«Денесі бөлшектеніп, өртелген». Алматыда шетелдік азаматтың мәйіті табылды

109
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Алматы қаласындағы пәтерлердің бірінен шетелдік азаматтың мәйіті табылды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

CMN.KZ Telegram-арнасының мәліметінше, Әуезов ауданындағы пәтерде 50 жастағы Ресей азаматының бөлшектелген мәйіті табылған. Аталған деректі Алматы қалалық Полиция департаменті растады. Күдікті ретінде онымен бірге тұрған әйел ұсталды.

“Бұл дерек бойынша Әуезов аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр”, – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

КТК телеарнасының мәліметінше, ер адамның мәйітінің алдымен бөлшектеліп, сосын өртелгені анықталды. Күдікті ретінде марқұммен бірге тұрған әйел қамауға алынған. Алайда марқұмның қызы әкесінің ауырып көз жұмғанын айтады. Ал марқұм мәйітінің өртелуін көзі тірісінде өзі сұраған екен. Марқұм ұстанған діннің жоралғысы сондай дейді туыстары.

Жантүршігерлік оқиға қаланың төртінші шағын ауданында болды. Мәйіт табылған пәтерге алғаш болып полицейлермен бірге куә ретінде аула сыпырушы да кіріпті.

“Балтамен шауып тастаған. Ваннаға бөлшектеп-бөлшектеп кіргізіп, жатқызып қойған. Бөлшектеп тастағаннан кейін үстінен от жаққан. Қарайып кеткен ғой, тырнақтары. Бір-екі саусағы күйіп кеткен, қап қара болып. Әр жерінен жаққан. Қолының үстіне қағаз жаққан ба, әйтеуір өртеген”, – дейді аула сыпырушы Нұрлан Жапарқұлов.

Пікірлер