Ақмолада немересі 77 жастағы әжесін соққыға жыққан

230
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысында немересінің 77 жастағы әйелді соққыға жыққаны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелдің арызы 2025 жылдың 8 қаңтарында түскенін, енді 30 жастағы ер адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.

"Ауылдың қарт тұрғыны немересі оны бір күн бұрын жанжалдасып жарақаттап алғанын хабарлады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп түсіндірді құқық қорғау органдары.

Пікірлер