Қазақ тілін керек қылмаған Qazaq coffee қайда кетті?

302
Adyrna.kz Telegram
Фото: 2GIS
Фото: 2GIS

Астанада келушіге қазақ тілінде мәзір бермеген дәмхана жабылған. Бүгінде оның кеңсесі бос тұр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тикток желісінде кофехана орналасқан ғимаратты жалға берген кәсіпкер кәсібінің тоқтап қалғанын айтқан.

Бизнес жабылды, кеңсе бос, мен жалға алушысыз қалдым. Мен Qazaq Coffee иесі емеспін, мен тек кеңсенің иесімін. Кешеден бері ғимаратты қайтадан өзіме алдым, сондықтан енді ол жалға беріледі. Бұл жердің ауданы –  47-48 шаршы метр. Егер қызықтырса, менің жекеме шығыңыздар, - дейді жалға беруші.

Бірнеше ай бұрын Астанадағы Qazaq coffee мейрамханасының басы дауға қалған болатын. Кофехана қызметкері қазақ тілінде ас мәзірін мәзірін сұраған келушінің өтінішін орындамай қойған.Ашынған халық 2GIS қосымшасында ғимаратқа жағымсыз пікір қалдырған. Артыша кофехана жабылды.

Пікірлер