«Меркур Таундағы» оқиға. Сотталушы интимдік видеоны тарату бойынша да айыпталуда

458
Adyrna.kz Telegram
Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына «Меркур Таун» тұрғын үй кешенінің күзетшісін өлтіру ісі келіп түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық Press.kz-ке сілтеме жасап.

«Аса қатыгездікпен адам өлтіру» бабы бойынша айыпталудан бөлек, сотталушы «адамның жеке өміріне қатысты ақпаратты оның келісімінсіз тарату» бабымен де айыпталуда.

«Бірінші эпизод бойынша сотталушы Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің күзетшісін 2024 жылдың наурызында өлтірді деп айыпталуда. Сондай-ақ, тергеу сотталушының әлеуметтік желілер арқылы өзінің танысы А-ға қатысты интимдік сипаттағы видеоматериалдарды таратқанын анықтады», – делінген сот хабарламасында.

Қазіргі уақытта сот отырысы тағайындалған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, «Меркур Таун» тұрғын үй кешенінің тұрғынының күзетшіні бірнеше рет жол талғамайтын көлікпен басып, кейін оның басынан секірген қатыгез  әрекеті видеоға түсіп қалған еді. Оқиға наурыздың 28-інен 29-ына ауған түні болған. Күзетші ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, сол жерде көз жұмды.

Пікірлер