Қызылордада тұңғыш президент саябағын қалпына келтіруге 13 млрд теңге жұмсалмақ

847
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қызылорда қаласында тұңғыш президент саябағын қайта жаңғыртуға 13 млрд теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тапсырысты Қызылорда қаласы әкімдігінің Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі берген. Өтінімдерді қабылдау 8 қаңтар мен 24 қаңтар аралығында жүргізіледі. Саябақты жаңартуға 13 120 508 659 теңге бөлу көзделіп отыр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей президенті Владимир Путинпен кездескеін жазған едік.

Пікірлер