Нью-Йорктегі адам көп жүретін алаңда такси жүргізушісі жаяу жүргеншілерді қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға салдарынан кемінде алты адам зардап шекті. Бұл туралы Fox News жазды.
Нью-Йорктің полиция департаменті Бродвей, Алтыншы авеню және 34-ші көше қиылысатын танымал туристік Геральд-скверде такси бірнеше адамды қағып кеткені расталды. Анықталғандай, такси жүргізушісі – 58 жастағы ер адам.
Жергілікті билік өкілдері 9 жасар баланың жарақат алып, аяғын ауыртып, ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Сонымен қатар 41 және 49 жастағы әйел түрлі жарақат алған.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.