Астанада 17 жастағы қыз супермаркеттен 250 мың теңгенің азық-түлігін ұрлаған

1220
Adyrna.kz Telegram
фото: Dauletten.kz
фото: Dauletten.kz

Астанада полицейлер азық-түлік ұрлады деген күдікке ілінген кәмелетке толмаған қызды ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жасөспірім супермаркетте ұрлық жасауды ойлап, кассадан азық-түлік өнімдерін алып өткен. Полицейлердің күдігі бейнебақылау камераларының жазбаларын қарағаннан кейін расталды. Дүкенге келтірілген шығын 250 мың теңгеден астам деп бағаланды.

Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басы мен тұрғылықты мекенжайын анықтады. Ол 17 жастағы қыз болып шықты. Жасаған ісін мойындады.

Кәмелетке толмаған қыздың айтуынша, түнде тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендердің біріне кіріп, сатып алушы кейпіне енген. Қызметкерлер оған назар аудармағанын пайдаланып, сөрелерден азық-түлік өнімдерін ұрлап кеткен.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұрын да полицейлер бұл жас астаналықты осындай қылмыстар жасағаны үшін ұстағаны анықталды, бірақ оның кәмелетке толмағанына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатқан.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер