Журналистер, мынадай сұрақпен мазаламасаңдар екен: Саламатсыз ба! Алдағы келе жатқан жылан жылына қатысты материал дайындап жатыр едік. Халқымыздың таным-түсінігінде жылан жылының бейнесі қандай? Бұл жылдан не күтуге болады т.б
Әріптестер: журналистер, продюсерлер, редакторлар, сценаристер, топмедиашылар, ұлттық арналардың басшылары! Қазақтың/төрктің МҮШЕЛдік құндылығын Күнтізбе/календарь жылдың салттарымен шатастырмаңдаршы.
Күнтізбе жылға қазақтың мүшелдік құндылықтарының қатысы жоқ: біз әлі Ұлу жылының үш айын бітірген жоқпыз. Қысын қыстап болған жоқпыз! Оған сонша сауаттың керегі жоқ. Қазақтың құндылығын тәрк етуді доғарыңдаршы.
Қазақтың/төрктің жаңа жылы 14 наурызда кіреді, Жыл сол күні ауысады. Соған аман-есен жетейік!
Ал Күнтізбе жаңа жылға христиандық құндылыққа айналып кеткен "Нартуған" атты мерекемізді арашалауға үлес қоссаңыздар деген тілек айтамын. Нартуғанды мерекелеуді бастаңдар!
Бір құндылықты екінші біреуімен былықтыруға болмас.
Қаңтардан бастап Жылан жылын енгізуді доғарыңдар!
Serik Ergali