«Бассүйегінің бір бөлігі алынды». Семейде зардап шеккен мұғалімнің әйелі оның жағдайы туралы мәлімдеді

557
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Семейде қалалық жаңа жылдық шыршаны безендіру кезінде биіктен құлап, зардап шеккен мектеп мұғалімі Қуат Айтқалиевтің жағдайы туралы әйелі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қуат Айтқалиевтің әйелі Сымбат Аянқызы күйеуінің реанимацияда екі күн болғанын хабарлады. Айтуынша, ол қазір есін жиды, бірақ әлі де ауыр жағдайда.

«Бас дәрігер мида кішкентай гематома пайда болғанын айтты. Алайда, жағдай өте ауыр және әлі ешқандай болжам жоқ. Олар ештеңе айта алмайды дейді. Мен онымен сөйлестім. Ол екі күн реанимацияда болды, қазір есін жинады, бәрін түсінеді, бірақ қиын сұрақ қойсаң, оған бірден жауап беру қиын. Дәрігерлер жағдайының жақсаруы немесе нашарлауы болжай аламайды. Операция жасалды, мидан гематома алынып тасталды,сондай-ақ бас сүйегінің бір бөлігі де алынып тасталды. Үш айдан кейін оған имплант қойылады»,  деді Сымбат Аянқызы.

Сымбаттың айтуынша, күйеуі қатысқан жұмыстар оның кәсіби құзыретіне кірмейді. Дегенмен, мектеп басшылығы оны қалалық шыршаны безендіруге жіберді.

«Ешқандай ресми құжаттар, бұйрықтар болған жоқ. Директор бар деді, ол барды. Олар мұғалімдер өз еркімен барды дейді, бірақ бұл өтірік. Олар директордың бұйрығымен жіберілді. Ешкім төлем немесе өтемақы төлеуге уәде берген жоқ. Бұл әкімдіктің шыршасы және оған 30 млн теңге бөлінді. Бірақ мұндай тапсырмаларды орындау үшін мұғалімдер жіберіледі. Бұл жай ғана адам тағдырымен ойнау»,   дейді әйел

Сондай-ақ нейрохирург Рашид Ишмухаметов, болашақта мұғалімге тағы бір ота жасалатынын айтты.

«Мұнда бас сүйегінің ақауы бар. Ота кезінде тірі қалу мүмкіндігін арттыру үшін, гематома орналасқан сүйек бөлігін алып тастадық. Екі-үш айдан кейін пластикалық ота жасалып, бас сүйегіндегі ақау ауыстырылады. Бірақ бұл жоспарлы процедура. Бұл, әрине, ота, бірақ денсаулыққа қауіп төндіретіндей үлкен тәуекелсіз. Әйтпесе, бұл мысалы, құрысу немесе тұрақты ауырсынудың себебі болуы мүмкін. Сонымен қатар, бас сүйегінің бір бөлігі жоқ болуы кездейсоқ жарақат алу қаупін тудырады»,  деп атап өтті дәрігер.

Сымбат Аянқызы күйеуінің 10 жылдан бері мұғалім болып жұмыс істеп келе жатқанын айтты. Ерлі - зайыптылар бір баланы тәрбиелеп отыр.

Пікірлер