Шыршадан шыққан даудан соң Семейге жаңа әкім тағайындалды

256
Adyrna.kz Telegram

Талғат Мұратов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 23 желтоқсанда Абай облысының әкімдігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін ол Бесқарағай ауданының әкімі қызметін атқарды. Мемлекеттік қызметке 2014 жылы келген. Үш жоғары білімі бар. 2007 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Сарапшы-бағалау», 2015 жылы Қазақ инновациялық университетін «Құқықтану», ал 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Техника және технологиялар» мамандықтары бойынша бітірген.

Мұратовқа дейін Абай облысының орталығын Нұрбол Нұрсағатов басқарған еді.

«Мен әрдайым қала тұрғындары үшін ашық болдым және осы қиын жұмыста мені қолдағандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамын. Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз мен үшін өте қымбат. Біз кездескен мәселелерге түсіністікпен қарағандарыңыз үшін рахмет»,—деді ол.

Ескк салайық, 22 желтоқсанда Семейде орталық алаңда шырша тұрғызуға жәрдемдескен мұғалім Қуат Айтқалиев биіктен құлап, ауыр жарақат алған болатын. Осы оқиғадан соң қаланың білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті.

Пікірлер