Мәжіліс бүгін жаңа вице-премьердің кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Парламент мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымына Серік Жұманғариннің кандидатурасы келісілді.Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрі болды", - делінген мәжіліс хабарламасында.
Мәжілістің мақұлдауынан кейін, Тоқаевтың жарлығымен Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі болды.