“Қазақмыс” басшылығы кеншілермен кездесті

155
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

2024 жылғы 18 желтоқсандa «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы кеніштердің бригадирлерімен кездесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Төраға Нұрахмет Нуриев Жезқазған өндірістік алаңындағы кеніштердің бригадирлерімен кездесті. Жиынға Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов пен Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев та қатысқан.

Кездесу барысында жұмыскерлер тарапынан көтерілген талаптар жан-жақты талқыланды. Жиын нәтижесінде, жұмыскерлердің сұранысы бойынша «13-ші жалақыға» 30% үстемеақы қосу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны көтеру бойынша екі нұсқа ұсынылған.

Яғни, жалақы мөлшерін қосымша 8,5%-ға ұлғайту, өндірістік жоспарды орындағаны үшін 50 АЕК көлемінде тоқсандық сыйақы беру ұсынылған. Бұл тоқсан сайын 196 мың теңгені құрайды.

Ал екінші ұсыныс - жалақыы 15,6%-ға индекстеу.

Нұрахмет Нуриев жалақының күрт және негізсіз өсуі кейбір кеніштердің бәсекеге қабілеттілігін жоғалтып, жұмыс орындарының жабылуына әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Осыны ескере отырып, жұмысшыларға ұсынылған шешімдер түсіндірілуде.

2024 жылғы 19 желтоқсан, сағат 09:00-дегі жағдай бойынша келіссөздер жалғасады.

Айта кетейік, "Қазақмыс" корпорациясы Жезқазғантүстіметал өндірістік бірлестігіне кіретін Оңтүстік-Жезқазған және Жыланды кен орындары жұмысшыларының талаптарына жауап бергені туралы жазған едік.

Пікірлер