Башар Асад елінен қашқан соң алғаш рет мәлімдеме жасады

361
Adyrna.kz Telegram
Фото: en.topwar.ru
Фото: en.topwar.ru

Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад елден қашқаннан кейін алғашқы мәлімдемесін жасады.  Мәлімдеме бұрынғы президенттің Telegram-каналында жарияланды, деп хабарлайды, “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімдемесінде Башар Асад  Дамаскіде көтерілісшілер астанаға кірген 8 желтоқсан күні таңертеңге дейін болғанын және сол күні кешке армия «соңғы позицияларын жоғалтқанда» және «барлық мемлекеттік мекемелер сал болып қалған кезде» елден кеткенін айтты.

Ол Дамаскіден ресейлік Хмеймим авиабазасы орналасқан Сирияның Латакия провинциясына барғанын да мәлімдеді. Сонымен бірге оның астанадан кетуі «ресейлік одақтастармен келісе отырып және әскери әрекеттерді одан әрі бақылау мақсатында» жүзеге асырылды.

Бұрынғы президент «Сириядағы оқиғалар кезінде отставкаға кету және елден қашу мүмкіндігін бір рет те ойламағанын» айтады. Ал оның Хмеймим базасынан эвакуациялануына армияның құлағаны және базаның өзіне ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасай бастағаны себеп болған көрінеді.

Асад мәлімдемені жариялауды қауіпсіздік мақсатында кейінге қалдырғанын жазды және оқиға туралы егжей-тегжейлі баяндауға уәде берді.

Пікірлер