Сирияда режимі құлаған президент Башар Асад 2018-2019 жылдары билікте болған кезінде Ресейге елдің Орталық банкінен екі тонна қолма-қол ақша жіберген. Бұл туралы The Finacial Times газеті жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«1 жылдан астам уақыт ішінде Сириядан Мәскеуге барлығы 21 рейс барған. Ресей астанасына 250 миллион доллардан астам ақша тасымалданған»,—делінген хабарламада.
Сондай-ақ FT басылымы Асадтың отбасы 2013 жылдан бастап күрделі компаниялар мен несиелік келісімдер жүйесін пайдалана отырып, Мәскеуден кемінде 20 пәтер сатып алғанын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Башар Асадтың үкіметке қарсы күштердің шабуылынан кейін Мәскеуге қашып кеткенін жазған едік.