Алматы облысында тағы бір жастар орталығы іске қосылды

703
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы облысының Райымбек ауданында жастар үшін арнайы бой көтерген коворкинг орталық қолданысқа берілді.

Бұл аудан халқының үштен бірін құрайтын Райымбек жастары үшін көптен күткен қуанышты оқиға болды. Заманауи нысан жастардың жан-жақты дамуына, бос уақытын тиімді өткізуіне, қажетті ақпарат алуына мүмкіндік беретін орталыққа айналмақ.

Сондай-ақ, жастарға білікті мамандар психологиялық және заңгерлік көмек, қаржылық сауаттылық бойынша кеңес беріп, жұмысқа орналасуына қолдау көрсетеді.

Айта кету керек, жастар  орталықтары жыл басынан бері облыс әкімінің қолдауымен Қонаев қаласында және Балқаш, Кеген ауданында іске қосылды, келер жылы Қаскелең қаласында ашылады.

«Қазір Алматы облысында 14 пен 35 жас аралығындағы 420 мыңнан астам жас тұрады. Бірақ жастар үшін бас қосып ой бөлісетін, қиын кезде көмек көрсететін орталық облыс аймағында болған емес. Біз қазір бұл мәселені жүйелі және кезең-кезеңімен шешіп жатырмыз. Алдағы уақытта біз облыстың басқа аудандарында жастар үшін заманауи инфрақұрылым құруға тырысамыз. Бұл өз кезегінде жастармен жүйелі жұмыс жүргізуге ықпал етеді», - деді облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мәди Ахметов.

Коворкинг орталықтар өңірдегі жастарды әлеуметтендірудің маңызды құралына айналып келеді. Жастардың жаңа алаңында тегін негізде бизнес-тренингтер, шеберлік сабақтары, кездесулер, көрмелер, үйірмелер және басқа да іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Пікірлер