Ресей еліне +1 қашқын. Мәскеу Ақаевтан соң Асадты қабылдады

962
Adyrna.kz Telegram
Сурет: cont.ws
Сурет: cont.ws

Сирия басшысы Башар Асад үкіметке қарсы күштердің шабуылынан кейін Мәскеуге қашып кетті. Бұл туралы ТАСС жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, Ресей президент мен оның отбасына баспана берген.

«Асад үй-ішімен бірге Мәскеуді паналады. Ресей гуманитарлық сипаттағы негіздерге сүйене отырып, оларға баспана берді»,—делінген хабарламада.

Қарулы сириялық оппозиция басшылары Ресейдің әскери базалары мен дипломатиялық мекемелерінің қауіпсіздігіне кепілдік бергені атап өтілді.

Агенттік дереккөзінің айтуынша, Ресей Федерациясы БҰҰ қамқорлығымен Сириядағы келіссөздерді қайта бастау қажет деп санайды.

Елді 24 жыл басқарған Башар Асад Димашықтан кетті деген ақпарат көпшілікке жексенбіге қараған түні тараған еді. Ол билікке 2000 жылы келген. Ал әкесі Сирияны оған дейін 1971 жылдан басқарған. Бұған дейін Сирия президенті отырған ұшақ атып түсірілді деген болжамдар айтылған болатын.

Еске салайық, Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаев та 2005 жылы елде болған төңкерістен кейін бас сауғалап Мәскеуге қашқан болатын.

Пікірлер