"Болашақ" степендиясынан қанша адам айырылды?

873
Adyrna.kz Telegram

Ғылым және жоғары білім министрлігі «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатқандар туралы және биыл бағдарлама аясында білім алғандардың қаншасы шетелде қалғаны жайында мәлімет берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта «Болашақ» бағдарламасы аясында 1 096 стипендиат білім алуда. Оның 833-і магистратурада, 145-і докторантурада, ал 118-і тағылымдамадан өтуде.

Гуманитарлық бағытта 443 адам, техникалық мамандықтарда 482 адам, медициналық салада 137 адам, шығармашылық мамандықтарда 34 адам білім алып жатыр.

Бағдарлама қатысушыларының 51 пайызы АҚШ пен Канадада, 35,7 пайызы Ұлыбритания мен Ирландияда, 6,1 пайызы Еуропада болса, ТМД елдерінде 1,2 пайызы , Азияда 2,3 пайызы ,  Океанияда 3,7 пайызы оқуда.

2024 жылы 230 стипендиат оқуын сәтті аяқтады. Бағдарлама аясында стпиендиядан өз еркімен бас тартқандар да бар.

"Шетелде болуына байланысты 2024 жылы 12 адам барлық шығындарын өтей отырып, стипендиядан айырылды, 18 адам барлық шығындарын өтей отырып, өз еркімен стипендиядан бас тартты" - делінген Ғылым министрлігі ақпаратында.

Министрлік деректеріне сәйкес, қазіргі кезде 562 адам академиялық оқуда, 65 адам тағылымдамадан өтуде, ал 79 адам оқуды күтіп отыр. 160 адам академиялық оқуды аяқтап, дипломдарын күтуде. Бақылау жұмыстарында 106 адам болса, 49-ы тіл курстарына дайындықта, ал 18-і тіл курстарында жүр.

Пікірлер