Қазақстан адам құқықтарының халықаралық стандарттарын қалай енгізуде?

1300
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда адам құқықтарының халықаралық стандарттарын ұлттық заңнамаға енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Еліміз осы саладағы 70-тен астам көпжақты шарттардың толыққанды қатысушысы әрі осы құндылықтардың берік қолдаушысы болды және болып қала береді.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының Басқармасымен белсенді өзара іс-қимыл жасайды және Әмбебап мерзімді шолуға қатысады. ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық аясында сөз бостандығын, ұлттық азшылықтардың құқықтарын және гендерлік теңдікті қорғау бойынша бастамалар қолға алынуда. Қазақстан Еуропа Кеңесінің мүшесі болмаса да, адам құқықтарын қорғау бағдарламаларында, мысалы, Венеция комиссиясының іс-шараларына қатысу арқылы белсенді түрде ынтымақтасады. Белсенді өзара іс-қимыл ТМД-ның адам құқықтары жөніндегі комиссиясы аясында да жүзеге асырылуда.

Республика БҰҰ-ның алты комитетінің азаматтардан жеке хабарламаларды қабылдау және қарау құзыретін мойындады - Адам құқықтары жөніндегі комитет, Азаптауға қарсы комитет, Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитеті, Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитет, Мүгедектердің құқықтары туралы комитет. және Бала құқықтары жөніндегі комитет.

Пікірлер