«Мүфтиятты реформалау қажет»

805
Adyrna.kz Telegram

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» діни бірлестігі (ҚМДБ) – еліміздегі рухани-діни салаға монополия ұстап отырған ұйымның бірі. ҚМДБ-ның пәтуалары (діни шешімдері) мен уғыз-насихат саясаты кейде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келіп жатады. Бұл жағдай Қазақстан қоғамында дүрбелең туғызып, ашу-ыза мен дау-дамайды күшейтті. Әсіресе, балалар және әйел құқығы мәселесі өткір проблема болып тұр.

Қазіргі Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы Өтпенов ҚМДБ төрағасы болып, ҚМДБ жарғысына өзгеріс енгізгелі бері ұйым ішіндегі қайшылық қатты күшейді, мешіттер мен қарапайым имамдардың жағдайы қиындап кетті. Ай сайын мешітке жиналған қаржының 30 пайызын мүфтиятқа алып қою және басқа да сылтаумен қарапайым имамдардан қаражат жинау дін қызметкерлерінің күнкөрісін қиындатып жіберді.

ҚМДБ басшылары қоғамдық ұйым жарғысын, мемлекет заңдарын бұзып әрекет етеді. Осы мәселе бойынша діни саланы бақылайтын мемлекеттік органдарға арыз-шағымдар жазылды, дегенмен билік «Дін мемлекеттен бөлінген» деген тезисті алға тартып бейтараптық танытып отыр. Сондықтан ҚМДБ-ны өз ішінен реформалау қажет, ұйымды жарғысына сәйкес демократияландырып, диктаторлық басқару жүйесінен арылтып, «Жаңа Қазақстанның жаңа мүфтияты» келбетіне келтіру – қазақ қоғамының күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе.

«Мүфтиятты реформалау қажет» атты баспасөз мәслихатына журналистерді, дінтанушаларды, заңгерлерді, азаматтық белсенділер мен дін қызметкерлерін шақырамыз.

Баспасөз мәслихатына қатысушылар:

Ораз Әлімбеков, журналист – «Балық басынан шіриді» - ҚМДБ жүйесіндегі келеңсіздіктердің төркіні және ұйым ішіндегі өзекті проблемаға шолу.

Тұрарбек Құсайынұлы, экс-имам, «Демос» ҚБ төрағасы – «Дін мемлекеттен бөлінген бе?» - Неге мемлекеттік органдар ҚМДБ-ға қатысты арыз-шағымды атүсті қарайды?

Әл-Фараби Болатжан, магистр-дінтанушы, PhD докторант – «Діни ұйым зайырлы мемлекет аясындағы қалай қызмет атқаруы тиіс» – Мектеп жасындағы қыз балаларға хиджаб киюді міндеттеу дұрыс па?

Жанарбек Мамбар, Қарағандыдағы «Ақыт қажы» мешітінің бас имамы - «Мүфтиятты қалай реформалаймыз» – ҚМДБ төрағасы лауазымына және Бас мүфтилікке үміткердің бағдарламалық тезисі.

Пікірлер