Қазақша қызмет көрсетпеген Qazaq coffee уақытша жабылды

957
Adyrna.kz Telegram
Фото: 2ГИС
Фото: 2ГИС

Астанада Qazaq coffee кофеханасы қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндетті болмағандықтан жабылды. Бұл туралы 2ГИС қосымшасында жазылған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Әлеуметтік желі қолданушылары Астанада Qazaq coffee кофеханасында болған жанжалдың мән-жайын талқылап жатыр. 2ГИС қосымшасында Qazaq coffee кофеханасының пікірлер бөлімінде клиент қазақша мәзірдің жоқ екенін жазған. Кейін кофехана иесі оған қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндетті емес екенін, сондай-ақ басқа да орталықтарда құжат бойынша 50/50 орыс қазақ тілдері болғанымен, тек қана орысша қызмет көрсететінін алға тартқан.

Бұл оқиғадан кейін өзге де клиенттер жаппай кері пікір жазды. Қазір кофехана уақытша жұмысын тоқтатты.

Айта кетейік, 2022 жылдан бастап заң бойынша көрнекі ақпарат, соның ішінде ас мәзірінің қазақша нұсқасы болуы міндеттеледі. ҚР "тіл туралы" заңының №151, 21 бабына сәйкес “Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады”.

Пікірлер