Адам саудасының құрбандарына мемлекеттен 8 түрлі көмек көрсетіледі

660
Adyrna.kz Telegram

Қылмыс атаулының жақсысы жоқ. Алайда , адам саудасы- ең ауыр қылмыс. Тірі жанды саудаға салу естіген құлаққа түрпідей  тиеді.  Құлдықтың қамытын кигендердің құқығын қорғау маңызды. Бұл мемлекет алдындағы міндет. 

 Адам саудасының құрбандарына мемлекет тарапынан арнайы көмек көрсетіледі. Жәбірленушілер әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық және құқықтық сынды сегіз  түрлі қызметке жүгіне алады. Бұл олардың заң негізіндегі құқығы.  Аталған көмектердің барлығы да мемлекеттік бюджет есебіннен көрсетіледі. Яғни, тегін.

Құқығы шектелген Қазақстан азаматтарынан бөлек, шетелдіктермен азаматтығы жоқ адамдарда жоғарыдағы көмекке қол жеткізе алады. 

  Елімізде «Адам саудасына қарсы іс-қимыл» туралы арнайы заң жобасы бар.  Онда  құрбандарға  мемлекет тарапынан өз құқықтары мен мүдделерін қорғау жайында егжей-тегжейлі жазылған. Бұл азаматтарға заң тұрғысында өздерін қорғауға ықпал етеді.  

Айта кетейік,  еліміздің барлық мемлекеттік және қоғамдық институттары,  қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын әзірлеуде. Бұл жоба құқы бұзушылықтардың алдын алудың кешенді жүйесін құрудың негізгі тетігі болады деп күтілуде. 

Әр адам өз өміріне жауапты. Қандайда бір шешім қабылдамас бұрын жан-жақты саралау қажет.  Өмірімді жайлы, жағдайымды күйлі етемін деп  жүргенде бөгденің арбауына түсіп қалмау керек.  

Пікірлер