ӘБДІУАҚАП ҚАРА: Ақордадағы көк кілемді өзгерту керек пе?

1068
Adyrna.kz Telegram
Aqorda.kz суреті
Aqorda.kz суреті

Ресей президенті Путиннің Астанаға сапары кезінде әуежай мен жиналыс залындағы аспан түстес кілем мен кілем шетіндегі ою-өрнектер маған қазақтың қасиетті туын еске түсірді.

Ту әр мемлекет үшін киелі. Оны аяғымыздың астына емес, басымыздың үстінде көтеріп алып жүруіміз керек.

Әрине, бұл кілемнің түсі мен өрнекті жасаған дизайнырлар туға ұқсас болсын деп ойламаған шығар. Олар мүмкін шеттен келген қадырлы меймандарды қазақтың ұлттық бояуы және нақышымен қарсы алғанымыз дұрыс деген шығар.

Алайда ол сырт көзге қазақтың жалауы ретінде көрінуі мүмкін. Онда қадырлы меймандар, “қазақ деген қалай халық? Олардың ұғымында құрметтеу мүмкін осылай болатын шығар деп” қате ойлауы мүмкін.

Мұндай жаңсақ ойларға себеп болудан аулақ болу керек шығар. Халықаралық стандарт бойынша, көп елдерде мұндай салтанатты орындардағы кілемдер қызыл түсті болады.

Біз де мұны халықаралық үрдіске сай жасасақ, немесе көк түсті кілем қолданғанның өзінде туға ұқсап кетпес үшін шетіндегі ою-өрнектерді алып тастасақ, сөйтіп киелі туымыздың нышандары аяқ астындағы кілемге кестеленген деген түсініктен арылар едік.

Осылайша ұлттық тудың беделіне нұқсан келтіретін оқыс оқиғалардың алдын алған болар едік.

Әбдіуақап Қара

 

 

 

Пікірлер