900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

208
Adyrna.kz Telegram
Сурет: abai.kz
Сурет: abai.kz

Үкімет «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Заңда белгіленген тәртіппен 2025 жылы әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарға шақырылсын»,—делінген құжатта.

Келер жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады:

Қазақстан Республикасының Қарулы күштері – 700,

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80,

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 131,

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі – 4.

Айта кетейік, қаулы 3 желтоқсанда күшіне енеді.

Пікірлер