Шымкент әкімі орынбасарының отставкасын қабылдамады

1413
Adyrna.kz Telegram
Фото: Шымкент қалалық ОК
Фото: Шымкент қалалық ОК

Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Азат Момынов бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шымкент әкімі тұрғын үй басқармасындағы жемқорлық дауына байланысты орынбасарының отставкасын қабылдамады. Бұл туралы мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді. Жауапты басқарманы қадағалаған әкім орынбасары отставкаға кету туралы өтініш жазған.

«Менің орынбасарым өз еркімен отставкаға кету туралы өтініш жазды. Мен оның өтінішін қабылдамадым. Барлық рәсімдер заңға сәйкес жүргізілді», – деді әкім Сыздықбеков.

Тамыз айында сот Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Азат Момыновқа үкім шығарды. 2023 жылы шенеунік көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуге және олардың сейсмикалық тұрақтылығын тексеруге бөлінген 367 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған. Сот Момыновты мүлкін тәркілеумен бірге тоғыз жылға бас бостандығынан айырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер