Елімізде қорғаныс министрлігінің кейбір бұйрықтары өзгереді

165
Adyrna.kz Telegram
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Қорғаныс министрінің нұсқаулары мен кейбір бұйрықтарына бірнеше өзгерістер енгізілмек, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл ақпарат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

Министр бұйрығы жобасының толық мәтінімен 5 желтоқсанға дейін өзгерістерді сайттан қарауға болады.

Ведомство дерегінде әскери қызметті өткеру мәселелерін реттейтін қорғаныс министрінің бұйрықтарына құқықтық мониторинг жүргізу барысында іс жүзінде қолданылмайтын нормалар анықталғаны көрсетілген.

Дәлірек, құқық қорғау және арнайы органдардың Қарулы Күштерге ауысатын қызметкерлерін қайта аттестациялау үшін әскери оқу орындарында базалық курстардан өтуді талап ететін норма туралы сөз болып отыр.

"Мұндай жағдайлардың аздығына, ауысу мерзімдерінің анық еместігіне және белгілі бір сала мамандарының қажеттілігіне байланысты курстардан өтпей-ақ қайта аттестациялауға алу ұсынылады. Осыған байланысты жоба бұйрығында іс жүзінде қолданылмайтын норма алып тасталуға жатады", - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Пікірлер