Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Венгрияға барды

416
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Венгрияға барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысын Будапешт әуежайында Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан күтіп алды.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Венгрия президенті Тамаш Шуйокпен және премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөздер өткізеді. Бұл кездесулерде екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық әріптестікті дамыту перспективалары талқыланады.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Мажарстанның ірі бизнес өкілдерімен де кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Будапешт қаласына мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен бірге Puskas Arena Park стадионына барып, УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтіп жатқан Венгрия мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчын тамашалады.

Пікірлер