Шымкент: Мемлекеттік бағдарлама аясында 5 мыңға жуық отбасы жыл соңына дейін баспанамен қамтылады

497
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 51 140 азамат тіркелген, оның ішінде:
- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша – 1 803;
- көпбалалы отбасылар 15 449;
- халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы – 17 823;
- мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 16 042;
- жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар- 24.

2024 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жыл соңына дейін 4574 отбасы пәтермен қамтылатын болады.
Ағымдағы жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға арендалық сатып алу құқығынсыз 1 000 азаматқа (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 200, көпбалалы отбасылар – 351, халықтың осал топтары – 449) арендалық пәтер берілуі жоспарланған. Оның ішінде, бүгінгі таңда 251 пәтер (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 91, көпбалалы отбасылар – 48, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 112) пайдалануға берілді.
2023 жылдан өтпелі болған 280 пәтер биыл қоныстандырылды.

Сондай ақ, 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жас 900 арендалық баспанаға қол жеткізеді.
Бұдан бөлек, Мемлекеттік бағдарламалар бойынша «2-10-20» және «5-10-20» бағыттары аясында жеңілдетілген несиелік негізде ағымдағы жылға жоспарланған 2274 пәтердің ішінде 432 пәтерге келісім-шарттар түзіліп, азаматтарға қолданысқа табысталды.
Сонымен қатар, 2023 жылдан өтпелі болған жалпы 1041 пәтер азаматтар арасында 2024 жылы үлестірілді. Осылайша, несиелік бағытта жалпы 1473 пәтер берілді.
Биылғы жылға Қамқор өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңге және «Отбасы банк» АҚ-нан 3 млрд. теңге жалпы 8 млрд теңге бөлініп, ағымдағы жылы 400-ден кем емес отбасыны несиелендіру көзделуде.
Несиенің ең жоғары мөлшерлемесі 20 млн. теңгеге дейін, пайыздық мөлшерлеме – 6%, бастапқы жарна 10%-дан кем емес, несиенің максималды мерзімі 25 жылға дейін.
Тұрғын үйді бастапқы және екінші нарықтан алуға мүмкіндігі қаралған.
Қәзіргі таңда, «Қамқор» өңірлік бағдарламасына өтінімдерді қабылдау Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында 2024 жылдың 30 қыркүйек сағат 16:00 бастап – 2024 жылдың 28 қарашасы сағат 18:00 дейін жалғасуда.
Түгендеу жұмыстары нәтижесінде тұрғын үй кезегінен 6 972 азамат есептен шығарылды.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйдің жалдау шартының талаптарының сақталуы міндетті.
Осы орайда, 2023 жылы 2000-нан астам пәтер тексеріліп 68 отбасы тұрғынжайды мақсатсыз пайдаланып отырғандығы анықталса,
2024 жылы 1000 жуық пәтер тексеріліп 30 отбасының тұрғынжайды үшінші тұлғаларға жалға берілгендігі анықталды.
Нәтижесінде басқарма тарапынан тиісті актілер толтырып хабарлама хаттар жолданып, тұрғындар тарапынан ескертулер назарға алынып, түзетілді.
Мониторинг барысында 2023 жылы мақсатсыз пайдаланылған 2 пәтер басқарма тарыпынан, 7 пәтер азаматтардың өз еркімен қайтарылса, 2024 жылы 25 пәтер өз еркімен мемлекет қорына кері қайтырылды.
Тексеру жұмыстары барысында тұрғынжайдың үшінші тұлғалардың пайдалануына беру фактісі анықталған жағдайда тиісті актілер толтырылып, жалдау шартының талаптары орындалмай отырғандығы және орын алған жағдай қайталанатын болса келісімшартты біржақты бұзу мәселесі қаралатындығы ескертілген хабарлама хат жолданатын болады.

Пікірлер