Президент Белградқа апорт апарды

796
Adyrna.kz Telegram

Сербия президенті Александр Вучич әлеуметтік желілердегі парақшасында Белградқа ресми сапармен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ықыласпен күтіп алғанын жазды. Бұл туралы БОРТ N1 телеграм каналы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ол Тоқаевтың құрметіне кешкі ас берілгенін және Алматының әйгілі апортын сыйға алғанын айтты.

Сондай-ақ Сербияның достас елдерге құшағы әрдайым ашық әрі бүгінгі кеш соның тағы бір дәлелі екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты келісімдерге қол қойылмақ. Сонымен қатар Сербияның премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу жоспарланған.

Пікірлер