Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “17 қараша - Халықаралық студенттері күні” қарсаңында ОАОО студенттері арасында өткен «Спорт – біздің серігіміз!» атты спартакиада өз мәресіне жетті.
Жабылу салтанатында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Бектаев Ернар Нұралыұлы сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтады.
“Бұл спартакиада – спортты насихаттаудың жарқын үлгісі. Қатысушылардың ынта-жігері, спортқа деген құштарлығы ерекше болды. Барша жеңімпаздарды құттықтаймын және жастарымызды алдағы уақытта да осындай белсенділік танытып, жоғары жетістіктерге жете беруге шақырамын,” – деді Ернар Нұралыұлы.
Шара барысында қатысушылар спорттың төрт түрінен сынға түсіп, өз шеберліктерін көрсетті. Қорытынды бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
• 1-орын – 150 000 тг. “Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжі” (Түркістан қаласы);
• 2-орын – 100 000 тг. “Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледж” (Сайрам ауданы);
• 3-орын – 75 000 тг. “Ерқанат Тәңірбергенов атындағы Түркістан индустриалды-техникалық колледжі” (Түркістан қаласы).
Сонымен қатар, жекелей марапаттар табысталды:
• Үздік ойыншы – Қалданбек Айдос;
• Үздік шабуылшы – Өмірзақ Нұрсәт.
Жарыстың мақсаты:
• Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жастардың денсаулығын нығайту;
• Әртүрлі оқу орындарының студенттері арасында достық қарым-қатынасты арттыру;
• Жастардың спортқа деген қызығушылығын оятып, олардың шеберлігін шыңдау.
Бұл спартакиада жастар арасында достықты, бірлікті нығайтып, салауатты өмір салтын дәріптеуде үлкен үлес қосты.