«Спорт – біздің серігіміз!»

579
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “17 қараша - Халықаралық студенттер күніне” арналған ОАОО студенттері арасында «Спорт – біздің серігіміз!» атты спартакиада басталды.

Жарыстың ашылу салтанатында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Бектаев Ернар Нұралыұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыстың мақсаты:
• Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жастардың денсаулығын нығайту;
• Әртүрлі оқу орындарының студенттері арасында достық қарым-қатынасты арттыру;
• Жастардың спортқа деген қызығушылығын оятып, олардың шеберлігін шыңдау.

Спартакиада 4 спорт түрінен өтеді:
1. Үстел теннисі;
2. Бел темірге тартылу;
3. Волейбол;
4. Кір тасын көтеру.

Бұл шара жастардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға шабыттандыруға бағытталған.

Пікірлер