Денесінде арқанның іздері болған. Жаркентте қайтыс болған офицердің ағасы пікір білдірді

1022
Adyrna.kz Telegram
фото: Elorda.info
фото: Elorda.info
Жаркенттегі офицердің өліміне қатысты өзге де деректер пайда болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі офицердің диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс оқу-жаттығу кезінде алған жарақатынан қайтыс болғанын хабарлады. Жаркенттегі офицердің өліміне қатысты төрт адам қамауға алынған болатын.

14 қараша күні Жетісу облысындағы 74261 әскери бөлімінде капитан Дархан Дәулеттің мәйіті табылғаны жөнінде хабарлаған едік.

Марқұмның туыстарының айтуынша, 13 қараша күні түнгі кезекшілікке кеткен ол түнгі бір шамасында қаза тапқан. Әскерилер офицердің өлімі туралы туыстарына таңғы сағат 7-де хабарлаған.

Одан бөлек, марқұмды жуындырған ағасы оның қатты соққыға жығылғанын, қолдары мен аяқтарында арқан іздері, бас сүйегінде сызат барын айтады.

“Істі тергеп жатқан құзырлы органдардан ең бірінші талап ететініміз – әділдік. Бауырымның, Дарханның өліміне қатысы бар адамдар заң алдында жауап беруін сұраймыз және талап етеміз. Бүгін жерлеуге жоғары шенді генералдар мен депутаттар қатысты. Олар кешірім сұрады. Генерал бұл істі әділ тергеп, оған қатысы барларды жазалайтынына уәде берді. Бірақ қандай бап бойынша іс қозғалып жатқанын білмейміз", – дейді марқұмның бауыры Ермек Мұсаұлы.

Айта кетейік, қазақ әскерінде тағы бір офицердің көз жұмғаны хабарланған болатын.

Пікірлер