Семейде оқушыға қол көтерген офицер сөгіс алды

265
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден скрин
Фото: Бейнеден скрин

Семейде оқушыға қол көтерген офицер-тәрбиеші қызметтік тергеу нәтижесінде сөгіс алған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ер адам 2022 жылдың қараша айында 8-сынып оқушысын басынан ұрған.

Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде 2022 жылдың қараша айында түсірілген видео анықталған.

“Видеода офицер-тәрбиеші А.К.С студент Р.Д.Т-ға қарсы күш қолданғаны анық көрсетілген. Тәрбиеші педагогикалық әдеп кеңесіне шақырылып, оған сөгіс түріндегі тәртіптік жаза тағайындалды”, – деп хабарлады Абай аудандық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Желідегі жазбада анықталғандай, офицер-тәрбиеші оқушыға өз бетінше дайындық кезінде үлгерімі үшін сөгіс жариялап, артынша оның желке тұсынан алақанымен екі рет ұрған.

Білім басқармасы педагогтің оқушының денсаулығына ешқандай зиян келтірмегенін және медициналық көмекке жүгінбегенін, ал оқушының ата-анасы мұғалімге ешқандай арыз жазбағанын атап өтті.

"Сонымен қатар мұндай әрекеттердің алдын алуға бағытталған білім беру қызметкерлерімен жалпы жиналыс өткізілді. Лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен әлеуметтік педагогке қызметкерлермен профилактикалық жұмысты күшейту тапсырылды", – деп атап өтті білім басқармасында.

Пікірлер