Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған азаматты азаптаған полицей сотталды

285
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қаңтар оқиғасы кезінде жеткізілген адамға азаптауды қолданғаны үшін кінәні мойындау туралы процестік келісімінің негізінде айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді.

Прокурорлар 2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының Полиция басқармасында полиция қызметкерінің жеткізілген азаматты азаптағанын дәлелдеді.

«Полиция қызметкерінің құқыққа қарсы әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге дене азабы келтірілген. Кінәні мойындағанын ескеріп, сот үкімі сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды.Сонымен қатар, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды»,- деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Үкім заңды күшіне енді.

Пікірлер