Шахматтан өткен әлем чемпионатында қазақстандық жасөспірімдер топ жарды

1169
Adyrna.kz Telegram
Сурет: kazchess.kz
Сурет: kazchess.kz

Қазақстандық жас шахматшылар Бразилияда жасөспірімдер арасында (U14-U18) шахматтан өткен әлем чемпионатында үш күміс пен бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Атап айтсақ, Open 14 санатында халықаралық шебер IM Эдгар Мамедов, Girls 18-де WIM Амина Қайырбекова,  Open 18-де IM Алдияр Ансат күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ Open 14 санатта халықаралық шебер IM Сауат Нұрғалиев қола медаль иеленді.

«Біздің жастардың әлем чемпионатындағы жетістігі – таңдалған таланттарды қолдау стратегиямыздың дұрыстығын тағы бір рет дәлелдеді. Осы өрендеріміздің ішінде Қазақстан шахматының болашағын, болашақ әлем чемпиондарын көріп отырмыз. Жас шахматшыларымызды және олардың табысына үлес қосқан барша жанашырларды шын жүректен құттықтаймын!» – деді 9 қарашада Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.

Айта кетейік, U14–U18 жасөспірімдер арасында өтетін әлем чемпионаты – 11 тур швейцариялық жүйе бойынша өткізілетін, ересектердікіндей классикалық уақытты есептейтін санаулы турнирлердің бірі. Әр ойыншыға алғашқы 40 жүріске 90 минут, кейін партияның соңына дейін 30 минут беріледі, әр жүріс сайын қосымша 30 секунд қосылады.

Пікірлер