Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметінен кетті

1018
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті. Федерация бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, ол өз еркімен қызметінен кету туралы шешім қабылдаған.

Айта кетейік, Әділет Барменқұлов 2022 жылы ақпанда ҚФФ президенті болып сайланды.

ҚФФ жарғысына сәйкес, жаңа президент ҚФФ кезектен тыс конференциясында сайланады. Федерация өтетін уақытын жақын арада хабарлауға уәде етті.

Пікірлер