Боран кезінде Ресей министрі келді

970
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ресейдің СІМ
Фото: Ресейдің СІМ

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астанаға келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ТАСС мәліметінше, бүгін премьер-министрдің орынбасары – Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Ресейдің сыртқы істер министрлі келіссөздер өткізеді.

Ресейдің сыртқы істер министрінің екі күндік жұмыс сапары 6–7 қараша аралығында өтеді. Келіссөздерден бөлек, Лавров Астанадағы жоғарғы оқу орындарының бірінде профессорлар мен студенттермен кездеседі деп жоспарланған.

Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова екі елдің сыртқы істер ведомстволары басшыларының келіссөздерінде Ресей президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылатынын хабарлаған.

"Әрине, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ секілді ортақ интеграциялық алаңдарда өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасу болады", — деп мәлімдеді ресейлік дипломат.

Пікірлер