Қарағандыда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

104
Adyrna.kz Telegram
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Қарағандыда 5 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

5 қараша күні Қарағанды қаласының патрульдік полиция полкінің жаяу жасағы өз бағыты бойынша кезекшілік жүргізу барысында  күмән тудырған ер адамға назар аударған.

"Деректер базасы арқылы тексеру барысында 41 жастағы күдіктінің бес жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды. 2019 жылы ол автокөлік жүргізіп келе жатып, жол ережесін бұзып, бір адамның денсаулығына ауыр зиян келтірген. Іздеуді жариялаушы – Татарстан Республикасы ІІМ", – делінген хабарламада.

Пікірлер