Түркия Қырғызстанның 58,9 млнн доллар сыртқы қарызын кешірді

964
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қырғыстан президентінің баспасөз хатшысы
Фото: Қырғыстан президентінің баспасөз хатшысы

Түркия Қырғызстанның 58,9 миллион доллар сыртқы қарызын кешірді. Бұл туралы 24.kg порталы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қырғыз Республикасының Түркия Республикасына сыртқы қарызын есептен шығару туралы шешімі үшін құрметті президент Ердоғанға ерекше алғысымды білдіргім келеді», - делінген Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың мәлімдемесінде.

Айта кетсек, 5 қарашада Жапаров пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Бішкекте келіссөздер жүргізді.

Пікірлер