Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

923
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақмола облысы Мәдениет басқармасы
Фото: Ақмола облысы Мәдениет басқармасы

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді күй еркесі» атты шығармашылық кеші өтті.

Тұрлыхожа Базаров К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің іргетасын қалаушылардың бірі және шығармашылық жолын осы оркестрмен түбегейлі байланыстырып, оркестрдің өсіп, өркендеуі жолында бас дирежер ретінде бел шешпей жұмыс істеді.

Бүгін бар өмірін өнер жолына арнаған біртуар тұлғаның шығармашылық кешінде шәкірттері мен бір сахнада жүрген әріптестері: “Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері” Шолпан Дүкімбаева, Бисара Макенова, “Мәдениет қайраткерлері” Жанат Есов, Толғанбай Сембаев, Гүлжан Ахметова, “Мәдениет саласының үздігі” Валерия Болиева, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары “Гәкку” халықтық би ансамблі, жетекшісі “Мәдениет саласының үздігі” Гульмира Ордабаева, Аягөз Қалмағанбетова, Серікболсын Бекмолдин, Абзал Ес, Ринат Нұрмұхан, Қоныс Жүкенов, Әсел Тоқсанова және К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, дирижерлары Руслан Қойшыбаев пен Жанат Рашит.

Сондай-ақ, Тұрлыхожа Базаровтың ұлы Ербол Базаров ксилофонда ойнап, туысқан қарындасы Гүлден Әлменова бір сахна төрінде тұрып, мерейтой иесімен бірге өнер көрсетті.

Көрермендер тамылжыған ән мен күмбірлеген күйден тұрған тамаша кештің куәсі болды.

Пікірлер