Алло, Кремль? Үкімет телефон кодын Ресеймен бірігіп пайдалануды мақұлдады

1554
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан көршілес Ресеймен бірге +7 телефон кодын бірлесіп пайдалану туралы келісім жобасын мақұлдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 7-нөмір аймағын бірлесіп пайдалану туралы келісім жобасын бекітсін», - делінген Қазақстан үкіметінің қаулысында.

Бұл құжатқа сәйкес, тек Ресейге келесі код диапазондары бекітілмек: 200 – 299, 300 – 399, 400 – 499, 500 – 599, 810 - 818, 820 - 821, 831, 833 - 836, 840- 848, 850 - 851, 855 - 857, 860 - 863, 865 - 867, 869 және 871 - 873, 877- 880, 900 – 999.

Ал Қазақстанға тек келесі код диапазондары бекітілмек: 000 – 099, 600 – 699 және 700 – 799.

Қазақстан мен Ресейге бірлесіп пайдалану үшін бекітілетін код диапазондары мыналар: 100 – 199, 800 – 809 және 881 – 899.

«Код диапазондары бірлесіп пайдаланылған жағдайда тараптар: 1) бірлесіп пайдаланылатын код диапазондарында кодтарды өз елдерінің заңнамасына сәйкес дербес тағайындайды; 2) аталған код диапазондарындағы нөмірлерді тек өз мемлекеттерінің телефон байланысы желілерінде пайдаланады. Бөлінбеген код ресурстары (26 код - 819, 822 - 829, 830, 832, 837 - 839, 849, 852 - 854, 858 - 859, 864, 868, 870, 874 - 876) жалпы резервте бекітіледі. Резервтен шығару және кейінгі бөлу тараптардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 7-нөмір аймағын бірлесіп пайдалану туралы келісімге жеке хаттамалар арқылы ресімделеді, олар осы келісімнің ажырамас бөліктері болып табылады», - делінген құжаттың ескертпесінде.

Пікірлер