«Ерікті» ұғымы пайда болады. Мәжіліс заң жобасын қабылдады

125
Adyrna.kz Telegram
Сурет: abai.kz
Сурет: abai.kz

Мәжіліс депутаттары Қазақстан азаматтарына соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерде ерікті болуға мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Құжатқа сәйкес, енді заңнамада «ерікті» ұғымы пайда болады.

«Құрамына еріктілер кіретін өзін-өзі қорғау құрамалары жергілікті әскери басқару органдарының негізінде құрылады және оларға тікелей бағынатын болады. Бейбіт уақытта дайындық бірқатар іс-шараларды, соның ішінде еріктілерді оқытуды қамтиды», - деді Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Мәжілісте.

Заң жобасының қорытындысына сәйкес, Қазақстан азаматтарының мобилизация, соғыс жағдайы мен соғыс уақытында өзін-өзі қорғау құрылымдарына ерікті түрде қосылу мүмкіндігі қарастырылады.

Пікірлер