"Арнайы үкіметтік комиссия құрылады". Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысы туралы айтты

112
Adyrna.kz Telegram
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Арнайы үкіметтік комиссия құрылады. Бұл комиссия конкурстық процеске қатысатындармен ашық конкурстық диалогты бастайды. Қазір алдын ала консультациялар басталып та кетті. ҚХР мен Оңтүстік Кореяда кездесулер болды. Біз әлеуетті вендорларға тиісті талаптарды айтып жатырмыз. Осы орайда электр энергиясы мен құрылыстың өзіндік құны, сондай-ақ нысанның құрылысын уақытылы аяқтау кепілдігі сияқты мәселелер ескерілген. Сонымен қатар, қауіпсіздік мәселелері, бүкіл әлеуметтік пакет, қаржыландырумен қамтамасыз ету бағытында да жұмыстар атқарылып жатыр», - деді министр.

Оның айтуынша, бұл диалог аясында үкіметтік комиссия тиісті ұсыныстарды даярлайды. Кейіннен осы ұысыныстар ҚР Президенті жанындағы Энергетикалық кеңесте қарау үшін Үкімет басшылығы алдында таныстырылады.

«Қаржы-экономикалық блок бойынша, құқықтық мәселелер бойынша кеңесшілерді тарту жоспарланған. Мұнымен қоса, техникалық кеңесші болады», - деді министр.

Пікірлер