ҚУАНЫШ ЕДІЛХАНТЕГІ: Грузия тағы бір тарихи сәтті күтеді

1273
Adyrna.kz Telegram

Грузияда парламент сайлауы өтті. "Грузия арманы" партиясы жеңіске жетті. Бұл - Иванишвилидің партиясы, яғни ресейшіл партия. Еуропа өз қатарына қосқысы келіп әрі-бері күтті, есікті жаппады, шыдамдылықпен грузиндердің өз қатарларына қосылғанын қалады. Өкінішке орай олай болмай шықты.

Саакашвилидің жүргізген реформалары Грузияны біраз ілгері апарып тастағанмен де жеткіліксіз болған сияқты, тізбекті реакция өздігінен басталып кетуге күші жетпеді, консервативті күштер реванш алды. Кәзіргі кезде Саакашвилидің мұрасынан ештеңе де қалып жарымаған болуы керек.

Оппозиция сайлау дұрыс өтпеді, дауыс ұрланды деп жатыр, алайда Украинадағыдай майдан ұйымдастыруға шамалары жетер ме екен? Тура біздегідей жағдай - дауыс ұрланады, билік басындағылар ойларына келгенін жасайды, ал халық амалсыз іштен тынады, басқа қолдарынан ештеңе де келмейді. Қайта Грузияда оппозиция бар, ал бізде олар әлдеқашан талқандалған.

Енді не болады? Ештеңе де. Еуропа қашанғы күтсін - енді ЕО-ға да, НАТО-ға да есігін жабады. Грузия тағы бір тарихи сәтті күтеді. Ол енді қашан келеді - оны ешкім де тап басып айта алмайды.

 

Қуаныш Еділханов

Пікірлер