БРИКС басқосуы кезінде Қазанда Абай мүсіні ашылды

1200
Adyrna.kz Telegram

Татарстанда ұлы қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

«Татарстан астанасында ұлы қазақ ақыны және философы Абай Құнанбайұлының бюстін салтанатты түрде ашу рәсімі өтті», – делінген хабарламада.

Шара Қазақстан Президентінің 2024 жылғы 22-24 қазан аралығында БРИКС мемлекеттері басшыларының XVI саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жасаған жұмыс сапары аясында ұйымдастырылған.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Татарстан Республикасының Мәдениет министрі Ирада Аюпова, Қазан қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Ерлан Ысқақов, Татарстан Жазушылар одағының төрағасы Ркаил Зәйдуллин, сондай-ақ қала жұртшылығы мен қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының өкілдері қатысты.

Ұлы ойшылдың ескерткіші Қазан қаласында Назарбаев және Качалов көшелерінің қиылысында орнатылды. Бюсттің авторы – Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Нұрбол Қалиев.

Айта кетейік, қазақ басшысы Абай – әлемдік ауқымдағы алып тұлға. Оның шығармалары бүкіл адамзаттың асыл мұрасына айналды. Әлемнің түкпір-түкпірінде Абай Құнанбаевтың ескерткіштері бар.

Пікірлер