Шерзаттың өртенген үйі. Оқиға орнынан канистр мен резеңке қолғап табылды

1045
Adyrna.kz Telegram

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың өртеніп кеткен үйіНее канистр мен резеңке қолғап табылды. Полицияда өртке қатысты нақты күдіктілер әзірге жоқ, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Біз зардап шеккендердің үйіндегі өрттің себебін белсенді түрде зерттеп жатырмыз. Өрт орнында маңызды айғақтар жиналып, 600-ден астам адам сұралды. Нақты не болғанын анықтауға көмектесу үшін бірнеше сараптама тағайындалды. Мамандар өрттің үй сыртынан шыққаны туралы алғашқы қорытынды жасап үлгерді. Бөтен өрт көзі пайдаланылған болуы мүмкін», - деді Алматы облысының прокуроры Берік Адамов.

Қазір мамандар оқиға орнынан табылған канистр мен резеңке қолғапты қарап жатыр. Келтірілген шығын көлемі де анықталады.

Айта кетейік, 4 қазан күні Талғарда оныншы сынып оқушысы Шерзат Болат айуандықпен өлтірілді. 

12 қазанға қараған түні Азат ауылында өлтірілген 16 жастағы Шерзат Болаттың отбасының үйі өртеніп кетті. Туыстары күзетке алынды, ал Талғарды қазір Ұлттық ұлан күзетеді. Мектеп оқушысының әкесі Қаржаубай Нұрымов әділдікке сенімін жоғалтып, отбасын Алматы облысынан алып кеткісі келетінін айтты.

Пікірлер