Атырауда өртенген қамыс түтіні ауаға кері әсер етіп жатқаны айтылды

1164
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қамыс өртіне 8 қазаннан бері тікұшақпен 61 тонна су төгілген.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Бағдат Абдуллин қамыс өртін сөндіру әлі жалғасып жатқанын хабарлаған.

«Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртінің алғашқысы 7 қазанда анықталды. Өрт Құрманғазы ауданындағы Құрманғазы ауылынан 43 шақырым, Исатай ауданының Зинеден ауылынан 56 шақырым қашықтықтағы аумақта анықталды. Екінші өрт кеше, 9 қазанда «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерват аумағында тұтанды. Қазір аңшылық маусымы өтіп жатыр. Қамыс өртінің тұтануына аңшылардың далада от жағуы мен темекі тұқылын тастауы себеп болуы мүмкін. Соңғы екі күнде тікұшақпен қамыс өртіне 31 тонна су төгілді», -деп хабарлады Бағдат Абдуллин.

Қамыс өрті экологияға да әсер еткен.

«Мониторинг кезінде күкіртті сутек, көміртек, азот диоксиді секілді ластаушы заттардың ингриденттері қамтылды. Ауаға тараған зиянды заттардың шекті мөлшерден асу дерегі тіркелді», -деп мәлім етті облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Есенов.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданында дала өртінен жануарлардың қашып жатқаны түсірілген бейне жарияланғаны туралы жазған едік.

 

Пікірлер